Жұма, 30 қазан

Біздің мақсатымыз — оқырманға шынайы, жедел әрі тексерілген ақпарат жеткізу.

Маңызды
Туризм

Демалыс күндері Қазақстанда қар жауып, тұман түседі

2 қаралым Оқу уақыты: 1 мин

Қарашаның алғашқы күндері Қазақстанда жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді және шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Қазгидромет синоптиктері 31 қазан мен 2 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты

Қазақстанның қай өңірлерінде қар жауып, көктайғақ болады?

Синоптиктердің болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы орнайды. Солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады деп болжанады. Ал елдің батысы мен солтүстік-батысында айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді — антициклонның әсерінен ауа райы тұрақты сақталады.

Қай өңірлерде тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады?

Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. Күндіз Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Түнде және таңертең елдің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі деп болжанады.

Синоптиктер жауын-шашын мен желдің күшеюіне қарамастан, Қазақстандағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайтынын айтты.

Материалды көшіріп басқанда elaqparat.kz сайтына белсенді сілтеме қою міндетті.

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *